БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

    ҚР Тұңғыш Президенті күні Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму саласында айтарлықтай еңбек сіңіріп, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласқан азаматтарды арнайы марапаттады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен Зәуреш Мұ­қа­тайқызы, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен «Нығымет» шаруа қо­жалығының жетекшісі Ләйлім Аха­това, «Төлеутай» шаруа қожа­лы­ғының жетекшісі Саттарбек Дуан­беков, І дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Ақтоғай ауылының әкімі Қайыр Болғанбаев, ІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен ауданның орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі басқарма басшысы Қазбек Қалиханов, «Нұртай» шаруа қожалығының жетекшісі Метай Елеусізов, «Кежек» шаруа қожалығының жетекшісі Аманкелді Сәдуов, «К-Мәдияр» шаруа қожалығының жетекшісі Өмірғалы Қазанғапов марапатталды.

Ақтоғай ауданында 164 Нұрсұлтан есімді жасөспірім бар екен. Аудандық мәслихат хатшысы Рашид Әбеуов Нұрсұлтандарға «Аманат хат» тапсырды.

Бірқатар мемлекеттік қызметкер ант қабылдады. Мереке соңында «Тоқырауын толқындары» халықтық ән-би ансамблі мерекелік концерт қойды.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Ақтоғай ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.