Ақтоғай

Бектауата баурайы – думан мекені

      Биылғы жаз ақтоғайлық бүлдіршіндер үшін жағымды жаңалықпен басталды. Жазғы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Бектауата баурайындағы «Факел» лагері қайта іске қосылды.

Лагерьде жоспар бойынша 4 ауысымда 800 бала қамтылмақ. Аз қамтылған, көпбалалы, асыраушысынан айырылған балалар және үздік оқушылар 15 күннен демалады.

Лагерьдің ашылу салтанатына Ақтоғай ауданының әкімі Салтанат Әбеуова қатысты.

Тоғыз ай уақытын мектепте өткізген оқушылар үшін биылғы жазғы демалыс ерекше өтпек. Демалыс уақытының тиімді өтуі, ең алдымен, оның жұмысының жүйелілігіне байланысты. Лагерьде барлық жағдай жасалған. Егемен еліміздің жарқын болашағы жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгін алға қойылған басты міндет. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жас ұрпаққа партиоттық тәрбие беруді негізгі идеялардың бірі ретінде атап өтті. Бүгінгі ашылған «Факел» лагері, тек, демалыс орны ғана емес, үлкен тәрбие мен үгіт-насихат құралы болмақ. Балалар мұнда бекітілген жоспарға сәйкес, күн сайын әртүрлі саяхаттарға қатысып, тренингтер мен ойындар, кештер мен сайыстар өткізеді. Аудандағы 17 елді мекеннің балалары тынығады. Осы игі бастаманы қолға алып, талай жұмысты атқарған облыстық мәслихат депутаты Айман Бекболатқызына және Шашубай кентіндегі мектеп-балабақша кешені ұжымына, аудандық білім бөліміне алғысымды білдіремін, – деді аудан әкімі.

Лагерьдің іске қосылуына белсенді атсалысқан Айман Бекболатқызы жүргізілген жұмыстарға тоқталды.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Балқаш кен-металлургия комбинатының өндірістік жұмыс бағыты халықаралық стандартқа көшкен еді. Аталмыш стандартқа сай кәсіпорын тек қана өндіріс бағытында жұмыс жасай бастады. Сондықтан, әлеуметтік объектілердің барлығы мемлекетке, яғни, жергілікті басқару органдарының құзырына өткен болатын. Олардың қатарында осы «Факел» сауықтыру лагері де бар. Қолымызға тиген лагерьді қайта қалпына келтіріп, өз бағытымен жұмысын жалғастыруда көптеген қиындықтар болғанын да жасырмаймыз. Бүгінгі таңда балалардың жазғы демалысын көңілді өткізуге толық дайын тұр, – деді депутат.

Көктемде біраз жыл қараусыз қалған лагерьде сенбіліктер ұйымдастырылды. Ағаш көшеттері, гүлдер егіліп, жасыл желекпен көмкерілді. Бүгінде лагерьде 10 топ жұмыс жасауда. Әр топтың өз тәлімгері бар. Лагерь асхана, наубайхана, монша, сауна, жаттығу залдары, спорттық ойын, би, тауға өрмелеу алаңдарымен қамтылған.

Гүлнар ЕЛЕУСІЗОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button