Бекем бірлікпен – еңселі Ертеңге

   Аудандық қоғамдық ке­ңес­тің кезекті отырысында «Ақ­тоғай Су» және «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС-нің 2016 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы мекеме басшылары «Тоқырауын Су Жылу» ЖШС директоры Н.Мангишев, «Ақ­тоғай Су» ЖШС директоры Н.Едебеков мәлімдеме жасады.

«Тоқырауын Су Жылу» ЖШС «Коммуналдық саладағы сұрақтарды шешу жоспарына» сәйкес, 2016 жылдың 10 айында өзіндік қаржыландыру арқылы жылу қазандықтарын, сорғы қондырғыларын және жылу, су, суды бұру жүйелерін жөндеу жұмыстарына жалпы құны 6 614 мың теңгені құрайтын жұ­мыстарды атқарған.

Сонымен қатар, «Ақтоғай Су» ЖШС басшысы баяндама жасады. «Кәсіп­кер­лікті қолдау және дамудың «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының орындалысы туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы С.Әубәкіров атқарылып жатқан игі істерді жеткізді.

Басқосуды қорытқан қоғам­дық кеңес төрағасы А.Түсіп­беков «Сарыарқа» ӘКК» ҰК, «Арқа» ИБК АҚ», Қарағанды облысы бойынша «Даму» кә­сіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы қар­жылық институттармен тығыз және тиімді жұмыс жүргізуді қолға алуды сонымен қоса ұсыныстар мен өтініштерді қа­на­ғаттандыруды тапсырды.

Г.ЕЛЕУСІЗОВА.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.