Бейбітшілік батыры

  Ауданымыз үлкен болмаса да, біздің мұражайдан елге сыйлы суретін көруге болады. Қаламгер жерлесіміз Мақсым Омарбекұлы ағамыздың елі үшін атқарған еңбектері көп.

1991 жылы Совет үкіметінің орнына Тәуелсіз қазақ елі орнағанда барлық жамандық артта қалды. Бірақ сол Совет үкіметінің саясатының салдарынан қазақ тілінде еркін сөйлеп, қолына қалам алар адамдар аз болды. Сол кездері Семей атом ядролық сынағын жабу туралы Елбасына жолдау жолдап, халыққа сол қасіретті түбімен жою керектігін жариялағандардың бірі Мақсым Омарбекұлы және «Орталық Қазақстан» газеті болды. Тәуелсіз Қазақстан үшін жасалған мемлекеттік маңызы бар мәселелер тұсында Мақсым Омарбекұлының мақалаларын жария етіп, «Орталық Қазақстан», «Қарқаралы» газеттері Совет одағының салдарымен күрескен.

Нұрбақыт НҰРБАЙ,

Мәди Бәпиұлы атындағы №44 мектептің 3 «А» сынып оқушысы.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.