Бас тақырыпЖаңалықтар

Баянауылдан – бас жүлдемен

Редакциямызға сүйіншілеген хабар жетті. Газетіміздің аға тілшісі Рауан ҚАБИДОЛДИН Павлодар облысының Баянауыл ауданында өткен жас ақындардың республикалық мүшәйрасында бас жүлде иеленді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараны аталған аудан әкімдігі мен «Мәдениет порталы» ұйымдастырған. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған жыр додасына елдің әр өңірінен 36 ақын қатысып, 108 шығарма ұсынған.

Ережеге сай, онлайн-дауыс берген оқырман мен қазылар алқасы Рауанның «Ақынның Алтайға келуі» атты шығармасына жоғары баға беріпті.

Әріптесіміз бұған дейін де облыстық, республикалық мүшәйраларда топ жарып жүргені көзі қырағы оқырманға мәлім. Әлі де алар асулары биік болғай! Бәрекелді!

Бұл – «Орталықтың», ормандай оқырманның жүлдесі!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button