Бауыржан Байбек Қарағандыдағы онкодиспансердің жұмысымен танысты

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында жаңа операциялық-реанимациялық блок салуды қажет ететін онкологиялық диспансерді аралап көрді.


— Жыл сайын әлемде онкологиялық аурулардан 10 млн-ға дейін адам көз жұмады. Қазақстанда бұл сан, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, шамамен 15 мыңды құрайды. Бұл сынған тағдырлар, жақындары мен туыстарын жоғалту, көптеген отандастарымыздың қасіреті. Сондықтан бізге заманауи медициналық технологияларды енгізу, кадрлар дайындау, тиісті инфрақұрылым құру қажет. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендетуге болады және ерте кезеңде емдеуге болады, — деді Бауыржан Байбек.
«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жаңа операциялық-реанимациялық блоктың құрылысы пациенттердің күту уақытын он күннен бір күнге дейін төмендетіп қана қоймай, операциялар санын жылына 20 мыңға дейін арттыруға, сондай-ақ көптеген өмірлерді құтқаруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
— Мұнда жыл сайын еліміздің алты аймағынан 10 мыңнан астам адам ем алады. Алайда, алаң тапшылығы барлық мұқтаждарды қамтуға мүмкіндік бермейді. Бүгінде құрылысты қаржыландыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. «Nur Otan» осы жобаны қаржыландыруға қол жеткізеді. Сонымен қатар, партия тарапынан құрылыс пен көрсетілетін қызметтердің сапасына қоғамдық және партиялық бақылау ұйымдастырылады, — деп атап өтті ол.
 
«Nur Otan» партиясының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша