Руханият

Батыр жөнінде бір еңбек

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының бір қыры тұма тарихты қопсыта отырып, бүгінгі азат көзқараста пайымдау. Осы орайда, белгілі заңгер, жазушы Жұмағұл Шөженовтің Ағыбай батыр туралы «Ақжолтайдың ақ жолы» атты кітабының тұсаукесері Қарағандыдағы «Достық» үйінде өтті.

Дүниежүзі Қазақтары қауымдастығының облыстық филиалы ұйымдастырған шара шымылдығы Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтардың ерен ерлігінен сыр шертетін деректі фильм көрсетілімімен ашылды. Аталған кітаптың тұсаукесер рәсіміне Қарағанды шаһарындағы руханият өкілдері мен белгілі заңгерлер қауымы қатысты. Олар жаңадан жарық көрген еңбектің мән-маңызы мен құндылығына тоқталды. Алғаш сөз сөйлеген ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Ақсұңқарұлы «мен бұл жігіттің жазған кітабын оқып шықтым. Ағыбай батыр туралы шағын энциклопедия деп атауға болады еңбегін» деді.

Кітабы жөнінде автор: «Ілияс Есенберлин, Жүсіп Алтайбаев сынды жазушылар Ақжолтай Ағыбай бабамыздың батыр ретіндегі бейнесін қалдырған. Ол кісінің және бір қыры – әділ билігі мен шешендігі. Бабамызды мен осы тұрғыдан зерттедім. Ағыбай батырға қатысты ел аузындағы аңыз әңгімелерді мұрағат деректері де растайды. Кей деректерде Ағыбай би деп те жазылған» – дейді.

Жәнібек ӘЛИМАН

Басқа материалдар

Back to top button