Бас жүлде – әріптесімізде

Әріптесіміз Жәнібек Әлиман академик Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық жыр мүшәйрасының бас жүлдесін иеленді. Жыр додасы Баянауыл ауданы әкімдігінің үйлестіруімен, жергілікті кәсіпкерлердің, ғалымның ұрпақтары мен ауылдастарының демеушілігімен өткен.

Айтулы шараның мақсаты – ұлт тарихына, қазақ ғылымына, өнері мен мәдениетіне өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлға Қаныш Сәтбаевтың адамдық болмысы мен елеулі еңбегін насихаттау, сол арқылы өскелең ұрпақты елі мен жерін сүюге, отаншылдыққа тәрбиелеу.

Мүшәйраға 16 мен 35 жас аралығындағы жиырмадан астам ақын қатысты. Олар талап бойынша, қазылар алқасының назарына үш өлең ұсынды. Бірінші өлең – Қаныш Сәтбаевқа арнау, екінші өлең – Баянауыл туралы, ал, үшінші өлең – елдік, ерлік, өрлік тақырыбында.

Жас ақындардың шығармаларын Ғалым Жайлыбай, Арман Қани, Асыл Әбіш тәрізді белгілі қаламгерлер бағалады.

Өз тілшімізден.