Руханият

Бас бәйге бұйырды

Алматы қаласында Нұрғиса Тілендиев атындағы республикалық байқау өтті. Онда еліміздің әр өңірінен келген 19 дирижердің өнері сынға түсті. Бас жүлдені қарағандылық жас дирижер Әбілқайыр Сағымбаев жеңіп алды.

 

Екі кезеңдегі байқауға қатысуға 18 бен 35 жас аралығындағы 25 үміткер өтініш берген.

– «Отырар сазы» сияқты оркестрмен жұмыс істеу – зор мәртебе. Бірінші турда Қаршыға Ахмедияровтің «Күткенде» және Кенжебек Күмісбековтің «Дала сыры» күйлерін ойнадық. Екіншісінде қобыз бен оркестрге арналған Нұрғиса Тілендиевтің «Алтын дән» және «Абай табиғаты» атты күй-өлеңдері ғана болды. Олар күрделілігімен ерекшеленеді және орындау үшін мұқият дайындық қажет. Бағым жанып, бас жүлдеге ие болдым. Басқа оркестрлерден түрлі концерттерге шақырулар түсіп жатыр, – деп бөлісті Әбілқайыр Сағымбаев.

Еске сала кетейік, Әбілқайыр Сағымбаев – Е.Рахмадиев атындағы Қарағанды симфониялық оркестрінің, Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптар академия­лық оркестрінің және С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры оркестрінің дирижері.

Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button