Спорт

Баркерді алған бойжеткен

Риода алғаш рет әйелдер арасында Вэл БАРКЕР кубогі тапсырылды. Американдық Кларесса ШИЛДС – кубокті иеленген тұңғыш әйел.

Сондай-ақ, Кларесса екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Лондонда биіктен көрінген американдық қыз Риода да сол жетістігін қайталады.

Естеріңізде болса, 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Кларесса біздің Дариға Шәкімованы ширек финалда жарыс жолынан шығарып тастаған. Финалда голланд боксшысы Нучки Фонтейннен үш раунд бойы басым түсті.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Басқа материалдар

Back to top button