Білім

Баланы ЖОО-да оқыту үшін ақшаны сақтандыру компаниясына салуға болады

Қазақстанда жоғарғы оқу орынында оқу үшін қаражат жинауға мүмкіндік беретін жаңа тетік пайда болды. Бұдан былай ерікті баласының ЖОО-на түсуі үшін ақшасын білім беруге арналған жинақтаушы сақтандыру қорына салып, жинай алады.

Сурет: turkystan.kz

Қазақстандықтар ерікті білім беру жинақтаушы сақтандыру аясында оқу ақысын төлей алады. Бұл қызмет 8%-дық жылдық мөлшерлемесі бар депозит ретінде жұмыс істейді. Және 5%-дық мемлекеттік сыйақы қарастырылған. Шот ашу үшін сақтандыру компаниясына хабарласып, университетті таңдап, оқу шығындарын жабу үшін қажет соманы анықтау керек. Бала бірінші сыныпта оқып жатса да, шот ашуға болады. Университетке түскенше сақтандырылады.

– Егер ақша жинаған ата-ана қайтыс болса немесе бірінші, екінші дәрежелі мүгедектік алса, онда сақтандыру ұйымы сол сәтте оны сақтандырады. Сақтандыру шарты бойынша жинағысы келген барлық төлемдер студентке төленеді. Жинақталған қаражат тікелей университетке аударылады. Ал, жинаған сома оқу құнынан асып кетсе, қалғанын алуға болады. Ал, студент оқудан шығарылса, оның қайта түсуіне үш жыл уақыт береді. Егер қайта оқуға түсе алмаса ата-ана мемлекет тарапынан берілген сыйақыны мемлекетке кері қайтарып береді. Ал, бала грантқа түскен жағдайда жинақталған қаражатты екінші балаға бағыттауға немесе қолма-қол алуға болады, – деді ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі актуарлық есептеулер басқармасының бас маманы-актуарийі Гүлфариза Азиз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button