Білім

Балалар байқауда бақ сынады

№15 жалпы білім беретін мектепте қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8-10 сынып оқушылары арасында «Республикалық балалар оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Аталған сайыс «Балалар әлемі» жобасы аясында ұйымдастырылды.

 

Іс-шарада қалалық білім бөлімінің әдіскері Айгүл Қадыр және №15 ЖББ мектебінің директоры З.Ахмедия алғы сөзінде оқушылардың оқу сауаттылығын дамытатын, балалардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыратын және патриотизмге тәрбиелейтін байқаудың маңыздылығын атады.

Балалар үшін үнемі оқу танымдық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді. Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов: «Оқу сізге әлемді және өзіңізді жақсы білуге көмектеседі» деген. Сондықтан да мұндай байқаулардың балаларға берері мол.

Байқаудың қалалық кезеңінің ұйымдастырылуы білім бөлімінің әдіскері А.Қадыр және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері және әдістемелік бірлестіктің жетекшісі А.Көшерханованың бастауымен жоғары деңгейде өтті.

Қарағанды қаласы бойынша «Республикалық балалар оқулары» байқауында қалалық кезеңнің жүлдегері атанған №4 ЖББ мектептің 8-сынып оқушысы Ақгүл Абдигаликова және №17 ЖББ мектептің 9-сынып оқушысы Дияра Тукитаева, Б.Момышұлы атындағы ЖББ мектептің 10-сынып оқушысы Еркежан Кәрібай байқаудың облыстық кезеңіне өтті.

Жанар САДЫҚ,

№15 ЖББ мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button