Руханият

Бала қаламынан төгілген маржан

Қарағанды қаласындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде «Бақытты балалық шақ» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге «Алтын маржан» балалар шығармашылық студиясының жеке туындылары қойылды. Мұнда бейнелеу өнерінің түрлі бағыттарын көруге болады. Мысалы, дөңгелек мүсіндер, витраждар, графикалық жұмыстар, кенептегі суреттер және өнер түрлері бар.

«Бақытты балалық шақ» көрмесінің негізгі мақсаты бейнелеу өнерінің күннен күнге жаңа қарқын, дамып келе жатқанын көрсету, балалардың шығармашылық қабілеті мен дарынының ашылуына үлес қосу. Көрмедегі ашық түстер мен көркем бейнелер адамды ерекше әсерге бөлеп, жарқын көңіл-күй сыйлайтыны анық. Көрмеге қойылған әр туынды балалардың ішкі жан дүниесі мен сезімдерін бейнелейді.

– Бұл көрменің аты «Бақытты балалық шақ». Мұнда Алтын маржан бейнелеу студиясындағы 6-17 жас аралығындағы балалардың жеке туындылары қойылған. Көрмеден бейнелеу өнерінің түрлі жанрлары мен техникасын көруге болады. Олар, кескіндемелік, сәндік және мүсіндік жұмыстар. Көрмені ашудағы мақсат – балалардың жыл бойы жасаған еңбегін бағалау, – дейді облыстық бейнелеу өнері музейінің ғылыми әдістеме бөлімінің басшысы Мейрамгүл Елубаева.

Көрмеде өз жұмыстарын көру, балалар үшін және оларға сабақ берген студия оқытушылары үшін үлкен жетістік. Көрмеге 17 жастан асқан жастардың 300-ден астам жұмысы қойылған. Студия білім алушыларына сертификат береді және олар сол сертификатпен жоғары оқу орындарына, колледждерге түсе алады. Көрмеден ашық, жарқын, көңілді түстерді көруге болады. Өйткені, балалар өз туындыларында шынайы көңілін нақты көрсете алған. Көбінесе, жақсы көретін заттары бейнелеген. Ол өзінің үй жануары немесе кітабы және басқа да заттары болуы мүмкін.

Музейде жыл сайын балалар шығармашылығына қатысты көрмелер ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар, мұнда жаратылысы ерекше балалардың туындылары да қойылды. Олар музейге жыл сайынғы көрмені тамашалау үшін тегін кіреді. Көрме олардың қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Алданыш ОЛЖАБАЕВА,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды
университетінің ІІ курс студенті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button