Балқаштықтар Алматы-Екатеринбург тас жолының бойынан 250 қап қоқыс жинады
Балқаш тұрғындары республикалық маңызға ие Алматы – Екатеринбург тас жолының өз қаласына іргелес жатқан бөлігінде ауқымды сенбілік өткізіп, 250 қап қоқыс жинады.

Балқаш қаласы әкімдігінің мәліметінше балқаштықтар тас жолдың бұл бөлігіне жиі сенбілік өткізеді, бірақ көліктер ағынының көптігіне байланысты қоқыс қайтадан жиналып қалады екен.
– Біз әрқайсымыз қайталанбас табиғатымыздың сұлулығынан ләззат алуды жақсы көреміз, бірақ оның тазалығын сақтаудың маңыздылығын үнемі есте ұстай бермейміз. Елімізді қоқыстан тазартуға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бүгін біз Алматы – Екатеринбург тас жолының Балқаш арқылы өтетін бөлігін қоқыстан тазарттық. 250 қаптан астам қоқыс жиналды. Біз әрқайсымыз Қазақстанның экологиялық жағдайын сақтауға және жақсартуға өз үлесімізді қосуымыз керек – дейді әкімдік қызметкерлері.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.