Жаңалықтар

Балқашта ONAY! электрондық жүйесі іске қосылады

Бүгін Балқаш қаласының әкімі Қайрат Қамзин «Алматы қаласының Көлік холдингі» ЖШС-мен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Енді қаланың қоғамдық көліктерінде ONAY! жүйесі жұмыс істей бастайды.

– ONAY! жүйесінің енгізілуімен қаланың көлік инфрақұрылымында оң өзгеріс орын алды. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар ағынын көрсетеді. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға, автобустардың дұрыс жүру кестесін құруға болады. Сонымен қатар, жолаушылар мобильді қосымша арқылы көлік қозғалысын бақылай алады, – деп атап өтті қала әкімі Қайрат Қамзин.

Сонымен қатар, балқаштықтар жүйенің мобильді қосымшасы арқылы автобустардың қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады.

Электронды жүйені жыл соңына дейін іске қосу жоспарланып отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button