АймақБалқаш

Балқашта із-түзсіз жоғалған 15 жастағы оқушы қыз іздестірілуде

15 жастағы оқушыны Балқаш қаласының барлық полициясы үшінші күн қатарынан іздеуде. Махаббат Әбеуова есімді бойжеткен 8 қаңтарда Ағыбай батыр көшесі, 14 мекенжайында орналасқан үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.  Қыздың белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Ол қысқа қара күрте, ақ жемпір, көк  шалбар және қара аяқ киім киген.

сурет: rozysk_karagandy_rinakz

 – Балқаш қаласының және Қарағанды облысының басқа да аумақтық бөлімшелерінің барлық жеке құрамы 15 жастағы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды.  Кәмелетке толмаған бала бұған дейін де екі рет рұқсатсыз үйден шығып кеткен, – деп хабарлады Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button