Балқаш қалалық білім бөлімінде – жаңа басшы
Балқаш қалалық білім бөлімінің басшысы болып Қарлығаш Дүбірбекова тағайындалды.
Қарлығаш Шәкәрімқызы еңбек жолын 1986 жылы тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Осы жылдар аралығында директордың орынбасары, мектеп директоры болып қызмет істеген.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары қызметін атқарды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz