Қарқаралы

Бағдарлама игілігі

Елімізде мемлекеттің ауыл шаруашылығына деген қолдауы жыл сайын ұлғайып, оны шаруашылықтардың кәдесіне жарату жолдары да жетілдіріліп келеді.

Ірі қара малына арналған – «Сыбаға», жылқы түлігіне «Құлан» және ұсақ малға арналған «Алтын асық» бағдарламалары – шаруаларға үлкен қолдау. Ауыл шаруашылығының өнімділігі мен экспортқа бағытталған өнім өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында жүзеге асып жатқан бағдарламаға Қарқаралы ауданының шаруа қожалықтары да атсалысуда. Атап айтқанда, Қайнарбұлақ ауылдық округіндегі «Ақдоңғал» шаруашылығы – 16 жылқы, Нұрмақовтағы «Бірбол» – 40 жылқы, 68 қой, Шарықтыдағы «Атас» – 38 жылқы, Абайдағы «Серік» шаруашылығы – 81, Мамыраевтағы «Жұлдыз» – 49, «Қарлығаш» – 62, Ынталыдағы «Фариза» – 32, Қайнарбұлақтағы «Бауыржан» – 58, Тегісшілдіктегі «Тілек» – 90 ірі қара, Мамыраевтағы «Қуан» – 272, Аманжоловтағы «Жайна» – 218, Балқантаудағы «Балқантау» – 360, Шарықтыдағы «Өркен» 264 қой малын сатып алған.

Сонымен қатар, асыл тұқымды малдың көбеюіне де мүмкіндік жасалды. Аталмыш жобаларды несиелендіру «Қарқаралы несие серіктестігі» ЖШС арқылы жүзеге асты. Кепілге ауыл, аудан, қаладағы жылжитын, жылжымайтын мүліктер, жер телімдері алынды.

Сағыныш ӘБІЛОВА

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button