Медицина

Бөкетов университетінде туберкулезге қарсы жоба жүзеге асырылуда

Е.Бөкетов университетінің ғалымдары туберкулезге қарсы дәрілік заттарды жеткізудің коллоидтық жүйелерін әзірлеуге арналған жобаны жүзеге асыруда.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғылыми қызметкері Альдана Ғалиқызының айтуынша, ингаляциялық дәрілік форманы қолдану туберкулезге қарсы препараттарды өкпеге тікелей жеткізуге мүмкіндік береді. Дәрінің уыттылығын төмендетеді.

– Қарағанды медицина университетінде M.Tuberculosis да­қылдарында туберкулезге қарсы дәрілерге сезімтал және төзімді нанобөлшектердің микробқа қар­сы белсенділігі зерттеледі. Жұмыс тобы мүшелерінің жос­парлы іс-сапарлары аясында кейбір зерттеулер Рединг университетінде және Чехия ғылым академиясының макромолеку­лалық химия институтында жүр­­гізілетін болады. Зерттеу нәтижесі полимерлер химиясының, фармацевтикалық нанотехнологияның дамуына үлес қоспақ. Жоба туберкулез індетімен күресуге бағытталған, – деді Альдана Ғалиқызы.

Айта кеткен жөн, туберкулез – әлем бойынша екінші орында тұрған аса жұқпалы инфекциялық ауру. Ағзаның әлсіреуі кезінде белсенді күшке енетін аурумен күрес – дамушы елдер үшін де өзекті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button