АймақБұқар жырау

Бүгін – Халықаралық кітап сыйлау күні

Бүгінгі Халықаралық кітап сыйлау күнінде Бұқар жырау аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шәменов таңертеңнен өзі бірінші болып кітап сыйлауды бастады.

Ол белгілі теолог Сағид ибн әл-Кахтанидің қазақшаға аударылған “Мұсылман қорғаны” кітабын аудандық орталық кітапхананың әдіскері Майгүл Асқароваға тарту етті. “Сыйға-сый, сыраға-бал” дегендей, Майгүл де жолынан жығылмай, оған өздерінің Бұқар жыраудың 350 жылдығына арнап құрастырып, шығарған “Бабадан қалған дана сөз” кітабын сый ретінде ұсынды.


Бұл акция ауданда одан әрі жалғасуда.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button