Спорт

Бүгін екі боксшымыз әлем чемпионатындағы жарыс жолын бастайды

Бокстан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының екінші жарыс күнінде Сағындық Тоғамбай мен Санатәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады. 

Бүгін Санатәлі Төлтаев 63,5 келі салмақ дәрежесінде израильдік Ахмад Штивиге қарсы жұдырықтасады. Ал, 86 келі салмақа өнер көрсететін Сағындық Тоғамбай конголық Мбели Нландумен кездеседі. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше жарыстың алғашқы күнінде Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай жеңіске жеткен болатын.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button