Білім

Бұқар жыраулықтар жеңіске жетті

Ақтоғай ауданы Ортадересін ауылдық округінің Бектау ата шатқалының «Факел» қаладан тыс балаларды сауықтыру лагерінде талантты балалардың «Өнерлі жас – өңір мақтанышы» атты ІІ облыстық слеті өтті. Үш күнге созылған слетке аймақтан 5-6 сынып оқитын 108 оқушы қатысты.  

Оқушылар спорт түрлері бойынша өзара күш сынасып, зияткерлік ойындар ойнады. Тауға саяхат жасап, кешкілік уақытта ошақ басында ән кешін өткізді. Тіпті, көңіл көтеру үшін би кешін де ұйымдастырды.

Үш күндік слеттің қорытындысы бойынша Бұқар жырау ауданының командасы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button