Жаңалықтар

Ажырасу азайып келеді

Аймақта үйленгендердің ең жасы – 16-да болса, некеге тұрғандар арасында үлкендердің жас мөлшері – 82-де. Облыстағы некеге тіркейтін АХАТ-қа қарасты 14 бөлімнің жалпы мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл отбасы құруға ниеттілердің саны азайған.

 

Өңірдегі №2 АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Сүлеймено­ваның айтуынша, биыл облыста 4 151 неке тіркелген. 2022 жылы бұл көрсеткіш 8 048-ді құраған болатын.

– Некені екі жақтың келісімі бойынша бұзу – қарастыру мерзімі өткеннен кейін, қосымша бір айды құрайды. Бұл мерзімді заңмен қысқартуға болмайды. Биыл некеге тұру ғана емес, ажырасу саны да қысқарған. 2022 жылы облыс­та 1 935 ажырасу тіркелсе, биыл 384-ке азайды, – деді Раушан Сүлей­менова.

АХАТ бөлімінің мамандары сондай-ақ, неке қиюды тіркеу бойынша биылға 3 024 қызмет көрсеткенін айтады. Оның ішінде 118 неке шетел азаматтарының сұранысымен қиылған.

 

Естеріңізге сала кетейік, 1 шілдеден бастап азаматтың хал актілерін тіркеу бөлімдері «Аза­маттарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорациясының құ­ра­мына берілді. Қазіргі таңда аймақтағы АХАТ-тың 14 бөлімі азаматтардың өтініштерін тіркеу саласында мемлекеттік 8 қызмет түрін көрсетеді.

Осы қатарға тууды тіркеу, оның ішінде азаматтың хал актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қайтыс болуды, некені тіркеу, некені бұзу, қалпына келтіру қосылады. Сондай-ақ, бөлімдерде қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру, жазбаларды жою, жаңарту, түзету қызметтері қатар атқарылады.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button