Руханият

Ғажайып шырша маңында

Қарағандының театрлары балаларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Биыл 50 жылдық мерейтойын атап өткен академиялық музыкалық комедия театры «Незнайка» мюзиклін сахналады. «Буратино» театр-студиясында «Дракончик Гоша» мен «Закалдованная планета» ертегілері көрермен назарына ұсынылды.

Сурет ұйымдастырушылардан алынды

«Незнайка» мюзиклі көрерменді кішкентай балалардың әлеміне жетелейді. Персонаждардың арасындағы ең көңілдісі, алғыры және тентегі – басты кейіпкердің өзі. Ұшқыр қиял мен ғажайыптар туралы айтқан ойлары арманшыл балаларды баурап алады. Саяхаттағанды ұнатады. Көкірегіндегі жетелеген асқақ арманы бас кейіпкерді өмірдің түрлі соқпағына салады. Бұл туынды – қиялдаудан қорықпауға, өзгелерге ұқсамауға, ерекшеленуге үндейді. Достықтың адам өміріндегі маңызын айтады.

Қойылымның қоюшы-режиссері және либреттосының авторы – Евгения Пермякова.

«Дракончик Гоша» ертегісі – Асе деген жаңа жылдық ғажайыпты армандаған кішкентай қыздың өмірін баяндайды. Осы арманына аспандағы шоқ жұлдыз бен Гоша деген айдаһар жәрдем береді. Бұл ертегі стандартты сахнада емес, көрермен отыратын орындығы жоқ арнаулы залда сахналанды. Тамашалауға келген балалар да қойылымның бір бөлшегіне айналады.

Ал, «Заколдованная планета» ертегісінде 2023 жылдың символы Қоянмен бірге жоғалып кеткен шыршаны іздейді. Іздеу барысында дуаланған ғаламшарға тап болады.

Қойылымдар 7 қаңтарға дейін жалғаспақ.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button