Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады?
Мереке және демалыс күндерін (сенбі, жексенбі) есепке алғанда қазақстандықтар мамыр айында 11 күн демалады.

Egov.kz мемлекеттік порталының күнтізбесіне сәйкес мамырда үш бірдей мереке бар.
1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
9 мамыр – Жеңіс күні.
Осылайша қазақстандықтар мамыр мерекелерінде төрт күн демалады. Себебі 7 мамыр жексенбіге келіп тұр.
Еске салсақ, егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады.
бес күн жұмыс істейтіндер: 1, 6-9, 13-14, 20-21, 27-28 мамыр;
алты күн жұмыс істейтіндер 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.
Айта кетейік ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мереке күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz