Бас тақырып

Қазақстанда халық санағы өтеді

Биыл 20 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында халық санағы өтеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет stan.kz

– Негізгі сауалнаманы аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері жүргізеді. Біз пилоттық жобаға интервьюерлерді тартпаймыз, сауалнама қалалық жерлерде 13 күн, ауылдық жерлерде 15 күн бойы жүргізілетін болады, – деді Ауыл шаруашылығы статистикасы департаментінің ұлттық санақ жүргізу бөлімінің басшысы Әсел Сәрсекова.

Ауыл шаруашылығы санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді.

– Санақ әкімшілік деректерді түзету мүмкіндігімен алдын ала жазба ретінде және заманауи жинау технологияларын пайдалана отырып жүргізіледі. 2025 жылдың 15 мамыры мен маусымы аралығында саяжайлар мен қалалық аумақтарда сауалнама жүргізу жоспарланған. 1 тамыздан 31 тамызға дейін онлайн санақ өтеді. Респонденттер веб-сайтта санақ нысандарын өз бетінше толтыра алады. Мәліметтерді өңдеу 20 күн ішінде жүзеге асырылады, – деді ол.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button