АймақБас тақырып

Қарағанды облысында Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Баян Сейтбекқызы Нұртаева Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл жайлы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сурет облыс әкімдігінен

Баян Нұртаеваның екі жоғары білімі бар. Ол Қарағанды педагогикалық институтын, сондай-ақ Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Қарағанды қаласындағы №10 орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

Әр жылдары Қарағанды қалалық білім басқармасында тәрбие жұмысы жөніндегі бас маман қызметін атқарды, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің әлеуметтендіру және тәрбие бөлімін басқарды.

2012–2020 жылдары Қарағанды қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болды.

Кейін Қарағанды қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімін басқарды.

2025 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button