Қазақстанда бүгінгі ауа райы қандай?
Синоптиктердің болжамына қарағанда, 6 желтоқсанда еліміздің кей өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ал, кейбір өңірде екпіні күшті жел тұрып, бұрқасын соғады, деп хабарлайды Ortalyq.kz tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.