Бас тақырып

Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі 17%-ға артты

2026 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 1,6 млрд литр минералды су мен алкогольсіз сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17%-ға артты. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті. 

Сурет ЖИ

Ішкі нарықтағы өткізу көлемі 1,7 млрд литрге жетсе, импорт үлесі 11,4%-ды құрады. Сонымен қатар қазақстандық алкогольсіз сусындардың экспорты да өсім көрсетті. Негізгі экспорттық бағыттар қатарында Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей бар. Әсіресе Ресейге жеткізілім көлемі 2,5 еседен астам артқан.

Айта кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде алкогольсіз сусын өндіретін 145 кәсіпорын жұмыс істеген.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button