Бас тақырыпРесми

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» стратегиясы бекітілді

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Мемлекет басшысы елдің ауқымды цифрландыруы мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге бағытталған стратегиялық құжатты бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді. 

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жаңа стратегия Қазақстанның технологиялық дамуының негізгі бағытын айқындап, мемлекеттік басқару, экономика және әлеуметтік саланы цифрлық трансформациялауға жол ашады. Құжатта деректерге негізделген басқару моделін қалыптастыру, жасанды интеллектті кеңінен енгізу, мемлекеттік қызметтерді проактивті форматқа көшіру және цифрлық инфрақұрылымды дамыту көзделген.

Стратегия үш негізгі бағытты қамтиды: азаматтардың өмір сапасын арттыруға арналған цифрлық сервистерді дамыту, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін күшейту және мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру. Сонымен қатар, елде «AI Hub» құру, жасанды интеллект экожүйесін дамыту, IT-экспортты ұлғайту және халықаралық технологиялық инвесторларды тарту жоспарланып отыр.

Күтілетін нәтижелердің қатарында 2029 жылға қарай Қазақстанның цифрлық бәсекеге қабілеттілігін күшейту, жасанды интеллектті экономиканың барлық саласына енгізу және цифрландыру есебінен жалпы ішкі өнімнің өсіміне қосымша серпін беру бар.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button