Басты тақырыпЖаңалықтар

“Қазақстан – Ұлы Дала елі”

Қазақстандықтар үшін «Қазақстан – Ұлы Дала елі» қосымшасы Отанымыз туралы кешенді тақырыптардың кең ауқымын қамтитын нағыз сандық энциклопедия болып саналады. Тұтастай алғанда, қосымша 10 бөлімнен тұрады: география, тарих, қоғам, мәдениет, мемлекет, халықаралық қатынастар, экономика, туризм, Астана және «ЭКСПО – 2017».

Қосымша Windows, Apple, Android  жүйелеріне негізделген құрылғылардың барлық түрлері (ұялы телефондар, планшеттер, ноут­буктер, компьютерлер) үшін жасалған. Веб-сайт үлгісіндегі нұсқасы да бар.

Өнімді жасауға бір топ жергілікті және шетелдік мамандар жұмылдырылған, олардың ішінде журналистер, фотографтар, видеооператорлар, дизайнерлер, программистер, жалпы 80 адам мен 33 мемлекеттік және жеке ұйым бар.

Қосымшаны AppStore және Play Market арқылы  жүктеуге болады. Ол үшін іздеу жолағына – Kazakhstan Land of the Great Steppe енгізу қажет.

Тікелей сілтемелер:

AppStore – https://itunes.apple.com/ru/app/kazakhstan-land-great-steppe/id1117366063?l=en&mt=8

Play Market – https://play.google.com/store/apps/details?id=ro.siveco.kazakhstan

Жеке компьютерде пайдалану үшін Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы (www.mfa.gov.kz) Windows-нұсқасын орнату мүмкіндігі бар.

Қосымша туралы мәлімет:

Әрқайсысында жеке фотогалереясы бар 68 тарау;

Барлығы 370-тен астам фотосурет;

24 бейнеролик;

12 3D объектісі;

20 панорамалық фотосурет

12 интерактивті 3D кескін;

4 интерактивті 3D картасы.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button