СпортТұсаукесер

Қазақ күресінің корифейі

Қазақ күресінің корифейі, атақты балуан, даңқты бапкер Диқанбай БИТКӨЗОВ туралы «Жапанға біткен бәйтерек» атты кітап жарық көрді. Кітап авторы – балуанның қызы Айнұр БИТКӨЗОВА.

Жинақ даңқты спортшы жайлы замандастарының, жолдастарының естеліктерінен тұрады. Жалпы, Диқанбай ағаның кітапқа арқау болатындай еңбегі сіңді елге. 20- дан астам халықаралық дәрежедегі спорт шеберін, 200- ден аса спорт шеберін баптаған ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы қандай құрметке болсын лайықты. Қазақ күресінің қайта қарқын алуына қалтқысыз қызмет қылған Диқанбай Биткөзов биыл сексеннің сеңгіріне шығады.

– Кітап қазақ күресіне келген жастарға, спорт тақырыбына қызығатын, жалпы кітапсүйер қалың оқырманға арналған. Әкеміздің өмірі жайлы, спорт әлеміндегі алғашқы баспалдақтары, талай аренада топ жарғаны, әлем чемпиондарын қырандай баптап, үлкен биікке жеткізгені жайлы баяндалады кітапта. Кітаптың әдеби нұсқасын жазған және маған қолдау көрсеткен белгілі спорт қаламгері Қыдырбек Рысбек ағаға үлкен алғыс айтамын, – дейді кітап авторы Айнұр Диқанбайқызы.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа туынды спорт тақырыбында жазылған сирек кітаптар қатарында.

Басқа материалдар

Back to top button