Спорт

Аяжанның асуы

Жастар мен жасөспірім қыздар боксы Қазақстанда жылдан жылға дамып келеді. Боксшы қыздар өткен жылғы Азия чемпионатында да топ жарған еді. Әлбетте қыздар боксына қарағандылық арулардың қосар үлесі қомақты. Қарағандылық боксшы қыздардың қатарында Балқаш қаласының былғары қолғап шеберлері де бар.

Сурет А.Ермектің жеке мұрағатынан

Айталық, жасөспірім қыздар арасынан Қазақстан чемпионы атанған жас боксшы Аяжан Ермек болашағы зор нағыз былғары қолғаптың хас шебері болғалы тұр. Сарытеректен шығып, немере ағасы Ерасыл Ермектің ізін басқан Аяжан биылғы Ақтауда өткен жасөспірім қыздар арасында 54 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды (Аяжан ағасы Ерасылмен жаттығуларын да бірге өткізетін көрінеді).

Биылғы ел біріншілігінде Аяжан ешкімге есе жібермей жеңіс тұғырынан көрініп, Балқашқа чемпион болып оралды.

Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ,

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button