Ресми

Аялдама кестесіне өзгеріс енді

Қарағандыдағы №3 автобус паркі №145э  бағытта қатынайтын автобус маршрутына өзгеріс енгізді. Бұдан былай аталған автобус Зелинский көшесіндегі «Перзентхана» аялдамасына тоқтайды.

Сурет inkaraganda.kz

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Пришахтинск қаласында «Кәусар» оқушылар сарайы ашылған болатын. Осыған байланысты жолаушылардан перзетханаға аялдама жасау керектігі жөнінде өтініш келіп түскен. Нәтижесінде, талап-тілек ескеріліп, Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің №78 бұйрығымен бекітілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button