Бас тақырып

Ауылдағы ағайын: қуаңшылық – сиырға да соққы

Сүт көлемінің көбеюіне үлес қосатын – шаруа қожалықтары мен фермерлер. Осы орайда, сиыр сауып, сүт өңдеп отырған ауылдағы ағайынға сұрау салдық.

Қарағанды сүті

– Сүттің мөлшері кейінгі екі айда әжептәуір төмендеп кетті. Қолдағы 11 бас сиырды таңертең және кешке сауамын. Маусым айында екі мезгіл сауғанда 120 литр сүт алсам, шілдеде соның жартысы ғана. Үздіксіз жем бергеннің өзінде жағдай осындай. Әрі мал жүдеп барады. Енді бір-екі жұмадан кейін саууды тоқтатамын. Сүттің азайып кетуі – жайылымның жоқтығы. Күн ыстық, құрғақшылық. Шөп сарғайып, сөлі кетіп қалды. Шөпте құнар болмағаннан кейін сүт те азайды. Әйтпесе, қыстақта тұрғанда бұндай мәселе болмап еді. Кешке сауып, далаға жайылымға жіберетінбіз, – дейді Матақ ауылының тұрғыны Жансая Зейноллақызы.

Малдың қоң жинауына көк шөп ықпал етсе, сол сияқты сүттің де шығымына жайылымның да әсері зор. Оның үстіне, айдан аса тұрған аптап ыстық жығылғанға жұдырық боп тұр. Агроном мамандар жайылым мәселесін шешудің түрлі жолдарын айтады. Мәселен, «Суармалы жайылымдық жер қуаңшылықтың алдын алуда қолайлы. Әрі мал азығы тапшылығы мәселесін шешеді» дейді.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Автордың «Ет экспорты мен сүт импорты: таразы басы тең емес» атты мақаласынан.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button