Білім

Ауыл жас педагогтерді жұмысқа шақырады

Облыстық білім басқармасы осыдан екі ай бұрын «Teach for Qazaqstan»  қоғамдық қорымен меморандумға қол қоған болатын. Яғни, меморандум аясында жоғары педагогикалық емес білімі бар жас мамандар ауылдық жердегі мектептерге жіберілетін болады. Ал, қоғамдық қор оларды қайта даярлау курсынан өткізіп, келісімшарт аясында демеу болады.  

«Teach for Qazaqstan» қорының өкілдері ауылдар мен шағын қалалардағы мектеп ұжымымен кездескен. Нәтижесінде 15 мектепте педагогикалық кадрларға маманның тапшылығы анықталған.

– 15 мектептің директоры, орынбасарлары және білім бөлімінің басшыларымен кездесіп, алдағы жұмыс жоспарын талқыладық. Білім беру ұйымдарын педагог кадрлармен қамтамасыз ету, мамандарды жұмысқа тарту мақсатында тиісті тапсырмалар берілді, – деп жазды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өзінің Facebook парақшасында.   

Аталған жобаға қатысу үшін ұйымдастырылған конкурста 49 жеңімпаз анықталған. Енді қор жеңімпаздарды қайта даярлау курсынан өткізеді. Кейін сертификат алғаннан соң серіктес мектептерге жұмысқа орналастырады. Одан бөлек, қор алдағы уақытта жобаға енген мектептердің басшылық құрамын да қайта оқытуды жоспарлап отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button