АймақНұра

Ауыл ауыз сусыз қалмайды

Ауыз суы халық өмірінде әрдайым маңызды рөл атқарады. Елімізде су тапшылығы мәселесін шешу жыл сайын түрлі жобалар аясында жүзеге асып жатады. Нұра ауданының Жараспай, Құланөтпес және Изенді ауылдарында су құбыры желілерін салып, реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Бұл шамамен бір жарым мың тұтынушыны ауыз сумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

ауыз су

Мәселен, Жараспай ауылында ауыз су құбыры мен суды тұщы ететін арнайы қондырғыларды орнату маусым айында басталған болатын.

– Ауылдағы су құбыры желілері 70%-ға тозған. Суды тұщыландыратын станциясының да жағдайы нашар. Сондықтан, қайта жөндеу жұмыстары қажет болды. Бүгінгі таңда мердігер алты шақырымнан астам құбыр тартып, 60-тан астам құдық орнатты. Жараспайда 599 адам тұрады. Барлығы сегіз шақырымнан астам құбыр тұтынушылардың жер учаскелері шекарасына дейін тартылатын болады, – деді Нұра ауданы құрылыс бөлімінің бас маманы Денис Колчин.

Ал, Құланөтпес орталық сумен мүлдем жабдықталмаған. Ауылда 236 адам тұрады. Олар үшін мердігер компания жалпы ұзындығы 15,7 шақырымды құрайтын жаңа желілер салады.

– Жұмыс шілде айында басталды. Бүгінгі таңда мердігер төрт шақырымнан астам желіні тартып үлгерді, – дейді Денис Колчин. – Сондай-ақ, жоба шеңберінде сорғы станциясы да салынады.

Изенді ауылында су құбырлары желілерін тарту жалғасуда. Жаңа ұңғыма салу жоспарланған. Бүгінде үш шақырымнан астам құбыр төселіп, жұмыс ауқымының жартысы орындалған. Жаңартылатын желілердің жалпы ұзындығы – 10,8 шақырым. Елді мекенде 652 адам тұрады.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Нұра ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button