Қауіпсіздік мәселесі – қаперде
Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Шахтинск қаласында жұмыс сапарымен болды. Мұндағы мақсат – кейбір нысандарды террорлық іс-әрекеттерден қорғау жұмыстарын бақылап көру.
Аймақ басшысы саяси репрессия құрбандарын еске алу мұражайына аялдады. Бұдан соң «АК 159/7 мекемесі» РММ-ге арнайы барып, «Еңбек – Қарағанды» РММ-нің 41-филиалы өндірісімен танысты. Кәсіпорын директоры Александр Байнов кірпіш, металл өнімдері өндірісі мен оның көлемін арттыру мәселелеріне жіті тоқталды.
Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Қанапияұлы №1 гимназия мен «Лидер» супермаркетіне де арнайы барды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша қалалық әкімдікте жиын өтті. Онда нысандарды террорлық іс-әрекеттерден қорғау мен өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.