Ақтоғай

АУҒАНСТАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

Ауғанстан жеріндегі жарияланбаған соғыс қаншама бозбаланың өмірін қиды, енді біразы туған отанына мүгедек болып оралды. Міне, кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылып, толас тапқаныны да 28 жыл толып отыр. Ақтоғай ауданынан 33 жауынгер ауған соғысының ардагері атанды. Бұл күнде 11 жауынгер тәуелсіз елдің экономикасын, әлеуметтік саласын өркендетуге айтарлықтай үлес қосып келеді. Қызыл Жұлдыз орденінің иегері Серікбай Оразалин ауған жерінде ерлікпен қаза тапты.

Интернационалист-жауынгер атындағы волейболдан облыстық бәсеке өткізілуде. Оқу ағарту ісінің үздігі Торғай Ақпанбаева «Өнегелі өмір белестері» атты кітабында ауған соғысы ардагерлерінің кешегі, бүгінгі өмірін суреттейді. Ауған жерінен аман-есен оралып, ортамызда жүріп, еңбек еткен біраз жауынгер-интернационалистің топырағы туған жерінен бұйырды. Олар – Еркін Ахметов, Қайрат Дәлибаев, Сейілхан Орынбаев, Нұрғали Шәйкенов, Саят Тілеубековтер болатын. Ал, бүгінде ауған соғысына қатысқан интернационалист-жауынгерлер Қайрат Ораз-ұлы, Қазбек Сейтжанұлы, Саят Қынаятұлы, Мұрат Елегенұлы ел еңбегін еселеп қызмет атқаруда.

Аудан әкімі Салтанат Әбеуова арнайы қабылдау өткізіп, ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді, сый-сияпат тапсырылды.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Ақтоғай ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button