АймақБас тақырыпҚарағанды

Қатты желдің салдары жойылуда

Кеше Қарағандыда 25 м/с жететін қатты жел соғып, салдарынан бірнеше әкімшілік ғимараттар, тұрғын үйлердің шатырлары ұшуы және электр қуатының сөнуі орын алды.

Осыған орай бүгін облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жедел кеңес өткізіп, қатты желдің салдарын жою бойынша қалалар мен аудандар әкімдерінің, ТЖД басшысының онлайн есептерін тыңдады.

– Құлаған ағаштар, сымдар мен тіректер, шатырлар жолдардан алынып тасталды. Қала мен облыстың кейбір аудандарында электр қуаты мен жылудың болмау жағдайлары, су қысымының төмендеуі тіркелді. Барлық қызметтер апаттарды жою жұмыстарын жүргізуде. Осыған байланысты бүгін қолайсыздықтарды сезінетін тұрғындардың шыдамдылық танытуларын сұраймын. Бұл мәселелер менің бақылауымда, – деді аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Суреттер: әлеуметтік желідегі ашық дереккөздер

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button