Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жылРуханият

Атты экспедиция жолға шықты

Біз – төрт түліктің төресі деп жылқыны төбесіне тұтқан халықпыз. Жаугершілік заманда бабаларымыз жарты өмірін ат үстінде өткерді. Алайда, техника дәуірі басталғалы атқа мінуді қойдық. Сондай-ақ, ат спортын насихаттау шаралары да қатардан қалып бара жатқаны өтірік емес. Осы мақсатта Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 12 адамнан тұратын Нұр-Сұлтан – Жидебай бағыты бойынша «Абай жолы» атты ат экспедициясы жолға шықты. Ат спортын насихаттау барысында жобаны «Ат туризм» федерациясы алғаш ұйымдастырып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы ежелгі Бозоқ қалашығынан шыққан атты экспедиция 20 күн ішінде 1000 шақырымды бағындырмақ.

Сапарға 4 облыстан 15 адам қатысуда. Бозоқ қалашығынан басталған сапар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысын қамтиды. Олжабай батыр, Едіге би, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы, Бұқар жырау, Абай-Шәкәрім кесенелері, Қоянды жәрмеңкесінің орны, Торайғыров музейі сынды басқа да киелі, тарихи орындарды аралауды жоспарлап отыр. Мақсат – қазақ халқының көшпелі мәдениеті мен дәстүрлерін қайта жаңғырту.

Экспедиция мүшелері арнайы ұлттық киім киген. Сапар барысындағы негізгі нүктелерде ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырады. Сондай-ақ, ат спортын насихаттау барысында түрлі кездесулер өткізеді. Экспедиция барысында бейнежазбалар түсіріліп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланады.

Басқа материалдар

Back to top button