Ақтоғай

Ғасырға жалғасқан қасірет

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын Ақтоғай жұртшылығы да бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қарамойындағы жетім балалар мектебіне арнап орнатылған ескерткішке, «Тарих тағылымы» саябағындағы ескерткіш тақталарға гүл шоқтарын қойды.

Ауданымыздың өлкетанушысы, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері Т.Мұқан ұлт зиялысы, Алаш қозғалысының қайраткері Ә.Бөкейханов туралы тың деректерді алға тартты. Сондай-ақ, Нұрбек Бөкеевтің 1932-1935 жылдары Қарамойында жетім балалар мектебін ашқандығын айтты. Ауданнан шыққан қоғам қайраткерлері жайлы баяндама жасады.

Іс-шара «Алаш және Ақтоғай» атты аймақтық танымдық конференциясына жалғасты. Аталмыш ізгілікті шараны аудан әкімі С.Әбеуова ашты.

«Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайраткері К.Жүністегі және өзге де қонақтар нәубет жылдардан сыр шертті.

Шара соңында «Ай-Фар» мейрамханасында ас беріліп, аудандық мешіттің имамы А.Түкетаев дұға бағыштады.

Думан ҚАБЫЛ.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button