Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Рыбакинаға орамал мен сағат сыйлады

Қазақстанның – бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Мемлекет басшысымен кездесу сәтінен кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Кездесу жақсы өтті. Әрине, таңертеңнен қобалжыдым. Жалпы бәрі ойдағыдай өтті. Президентпен өз жоспарларыммен бөлісіп, алдағы матчтар туралы сөйлестім. Мемлекет басшысы мені теннистегі нәтижелеріммен құттықтады. Президенттен сыйлық алдым, сағат және орамал, – деді Елена Рыбакина елордада теннистен «Билли Джин Кинг» кубогіне орай өткен баспасөз мәслихатында.

Рыбакина қазақстандық жанкүйерлерді Билли Джин Кинг кубогының іріктеу матчын тамашалауға шақырды.

Еске салсақ, елордада 14-15 сәуір күндері теннистен Билли Джин Кинг кубогінің (командалық әлем чемпионаты) іріктеу кезеңінің аясында Польшамен матч өтеді.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button