Бас тақырыпПрезидент

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президентінің өкілеттігін атқарады

Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына сәйкес 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатамын.

2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 48-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігі қалған мерзімге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасына Қазақстан халқына ант берген сәтінен бастап көшеді.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің қызметіне кірісетін адамның Қазақстан халқына ант беру рәсімі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен келісім бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында 2019 жылғы 20 наурызда 12 сағат 00 минутта өткізілсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2019 жылғы 19 наурыз

№ 884

Басқа материалдар

Back to top button