Басты тақырыпЖаңалықтар

Астанадан жеткен қамқорлық

         Қайырымды жандар республикамыздың әр аймағынан шахандықтарға қамқорлық көрсетуде.

        Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкіл имамы және «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының ұйымдастыруымен Елордамыздың жеті мешіті шахандықтарға демеушілік көрсетіп, көмек қолын созды. Азық-түліктер мен тұрмыстық жиһаздар тиелген жүк көлігіне ілінген «Қарағанды облысы, Шахан кентіндегі тұрғын үй опырылуынан жапа шеккен тұрғындарға арналған Астана мешіттерінің «Астана Асары» қайырымдылық шарасы» лозунгі жапа шеккен шахандықтардың көңіліне дем беріп, қуанышқа бөледі.

        Кент әкімдігіндегі штабта Астана мешіттерінің берген азық-түліктерін арнайы комиссия қабылдап алды. Бұдан басқа, астаналықтар жапа шеккендерге жалпы сомасы 1 млн. 378 мың, «Зекет» қорынан 170 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Азық-түліктерді алып келген «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай, «Әлжан ана» мешітінің бас имамы Сәбит Қуаныш және «Сәдуақас қажы Ғұлмани» мешітінің наиб имамы Мамлюк Мұсаев кент тұрғындарына жылы сөздерімен де рухани күш-қуат берді.

       Астаналық имамдардың қамқорлығы мен қайырымдылығына риза болған кент тұрғындары ақ тілектерін жаудырды.

Аманкелді ТҰРЖАНОВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button