Бас тақырыпЖаңалықтар

Астанада “Қайырымдылық керуені” байқауының жеңімпаздары марапатталды

Тұңғыш Президент қоры мен Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» Агенттігі бірлесе ұйымдастырған “Қайырымдылық керуені” республикалық байқауының қорытындысы жарияланды. Аталмыш байқауға барлығы 97 өтініш тапсырылған екен. Олардың ішінде тек бесеуінің ғана шоқтығы биік түсті. 

Жүлдегерлердің қатарында балаларға ұлттық бұйым жасаудан шеберлік сағаттарын өткізіп, қайырымдылығымен танылған қарағандылық Сымбат Елікбаева да бар. Ол байқаудың “Асар” аталымы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

– Кедергіге толы біраз жолды өттім. Сол жолда мені қолдап, көмектескен, менің еңбегімді бағалаған адамдар болды. Білімімен бөліскен адамдарға риза болғаным соншалық кейін мен айттым, мен де аяғыма тұрғаннан кейін мен де балаларға көмектесем. Өзімнен кейінгі ересектерден гөрі ең алғашқы оң-солын танып жатқан жас балаларды тәрбиелеймін, – дейді Сымбат Елікбаева “Хабар” арнасының тілшісіне берген сұхбатында.

Басқа материалдар

Back to top button