Спорт

«Астана» клубы алғашқы кездесуін 1:1 есебімен аяқтады

Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» клубы өз алаңында грузиялық «Динамоны» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті.

Ойынның 11-минутында астаналық клубтың шабуылшысы Абат Айымбетов әріптесі Ян Вороговскийдің пасынан кейін есеп ашты. Ал, 57-ші минутта динамолық жартылай қорғаушы Габриэль Сигуа таразы басын теңестірді.

Осылайша алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Енді жерлестер екінші ойынын өткізу үшін Грузияға аттанады. Екінші ойын – 19 шілдеде өтеді.

Айта кетейік, егер елордалықтар қарымта ойында жеңіске жетсе, чемпионаттың жартылай финалында хорватиялық «Динамо» клубымен кездеседі.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button