Білім

Асхат Аймағамбетов университет оқытушысы болды

Асхат Аймағамбетов М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне оқытушы ретінде қабылданды деп хабарлайды ortalyq.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқу орнының хабарлауынша, Асхат Аймағамбетов бүгінгі күннен бастап М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінде дәріс оқиды.

– Түрлі ұсыныстар бар, тиісті жоспарларым бар екенін де жасырмаймын. Сұхбатта да айттым. Ол туралы нақты бір-екі күнде белгілі болады. Бірақ оқытушылық жұмысты қандай қызмет болса да бірге алып жүруге болады, сондықтан ағартушылық еңбегімді осылай бірге алып жүріп жалғастырамын,- деді Асхат Аймағамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, Асхат Аймағабетов 2019–2022 жылдары Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі болып қызмет етті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button