Спорт

Асаубаеваға алтын бұйыра ма?

Әйелдер арасында шахматтан Нью-Делиде өтіп жатқан Гран-придің үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша қытайлық Жу Цзиньер, отандасымыз Бибісара Асаубаева мен ресейлік Александра Горячкина турнир кестесінде көш бастады. Қазіргі уақытта үш қатысушының ұпай сандары – 5,5 балл. Бүгін соңғы ХІ турда Гран-придің үшінші кезеңінің жеңімпазы анықталмақ.

 

Қазақстандық екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Ассаубаева атақты ресейлік Катерина Лахноға қарсы ақ фигурамен ойнайды. Катерина Лахно Еуропаның екі дүркін чемпионы, вице-чемпионы, блицтен үш дүркін әлем чемпионатының жеңімпазы және жылдам шахматтан әлем чемпионы. Оның командалық турнирлерден де алған алтын медальдары бар.

Сондай-ақ, Александра Горячкина ақ фигуралармен финалда турнир қожайыны Хонеру Кампимен кездеседі. Ал, Жу Цзиньер қара фигурамен грузин Нино Бациашвилимен ойнайды.

Айта кетейік, бұған дейін Астана мен Мюнхенде өткен екі кезеңнен кейін Катерина Лахно мен Чжу Цзиньер үздік үштікке енді. Әрине, олар Никосиядағы (Кипр) төртінші раундтың алдында жалпы көшбасшылығын қамтамасыз ету үшін Нью-Делиде құнды ұпай жинағысы келеді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button