“Қарты бардың – қазынасы бар”
Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуде қарттарымен мақтана білген. Ақсақалы мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық, ақ киізге отырғызып, көтерген. Бүгінде біздің аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кем қалған жоқ. Орны – төр, қатары – алдыңғы сапта.
Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі уәлі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1қазан – Қарттар күнімен құттықтағанымызға риза болып жүреді. Қарағандыдағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің 7 «Ә» сынып оқушылары Несібелды Ақпергенқызын үйіне барып құттықтады. Қария оқушылармен сөйлесу барысында өзінің бастан кешкен қызықты әңгімелерін айтып берді. Оқушылар қариядан көп тәлім-тәрбие, үлгі ала отырып, үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз екенін түсінді.
Гүлмира АҚТАЕВА,
№10 жалпы білім беретін орта мектептің мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.